Жалпы орта білім беру мектептері арасында (ұлдар) 53-ші кешенді қалалық спартакиада бағдарламасында волейболдан біздің мектептің ұлдар командасы 3-орынға ие болды. Дода барысында 10 «А» сынып оқушысы Армиш Данияр «Үздік ойыншы» атанды. Команда жаттықтырушысы Б.М. Алимжанов қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мадақтамасымен марапатталды. Құттықтаймыз!💐
9 «Б» сынып оқушылардың мамандық таңдауы туралы ойларын кеңейту, нығайту үшін. Мамандықты дұрыс таңдауына ықпал ететіндей, мамандықтар әлемінен ақпараттар беру мақсатында оқушыларымыз Ақпараттық технологиялар колледжіне барды.
Жол картасын жүзеге асыру аясында құзіреттілік орталығының жұмыс алгоритімі Білім беруді дамытудың иновациялық орталығымен талқыланып, ұлттық бірегейлікті жүзеге асыру бойынша сүйемелдеу кеңестер берілді.