Жол картасын жүзеге асыру аясында құзіреттілік орталығының жұмыс алгоритімі Білім беруді дамытудың иновациялық орталығымен талқыланып, ұлттық бірегейлікті жүзеге асыру бойынша сүйемелдеу кеңестер берілді.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 6 «Д» сынып оқушылары жазушы Қасым Қайсеновтің «Жас партизандар» хикаяты бойынша сахналық қойылым қойып, зияткерлік сұрақтарға жауап берді.
2024 жылғы 18 сәуірде «Мәшһүр Жүсіп оқулары» республикалық байқауының облыстық кезеңі өтті. Біздің мектептен 10 «А» сынып оқушысы Жылқайдарова Сана «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген...» бағытына қатысып, жүлделі 2-орынға ие болды. Құттықтаймыз!💐 Мұғалімі: Б.М.Шажанканова
Қазақ тілі мен тарих апталығының аясында ақын, ғалым және қоғам қайраткері Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толуына орай , «Мен жастарға сенемін» атты әдеби-музыкалық кеш өтті. Өткізген Б.А. Сибанбаева.