Күзгі демалыста оқушылардың бос уақытын қамту жоспарына сәйкес 5-сыныптарға арналған зияткерлік сайыс өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, алған білімдерін жетілдіру, өз ойын еркін жеткізуге, ұқыптылыққа және ұжымшылдыққа тәрбиелеу. Сонымен қатар осы шара оқушылардың бойында бәсекелестік рухын дамытып, достық қатынастарды нығайтуға көмектеседі.
24.10.2024 ж. 3-4 сыныптар арасында мектебімізде жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі өткізілді. Білім додасына 80 оқушы қатысуға ниет білдірді. Олимпиада жеңімпаздары қалалалық, облыстық, республикалық кезеңдерге жолдама алады. Сәттілік тілейміз!
Кітапханамызда Республика күніне арналған «Отан», «Туған жер» туралы өлеңдер оқу жарысы өтті. Жарысқа 1-11сынып аралығындағы оқушылар өздері жаттап келген өлеңдерін оқыды. Мақсаты ел болашағы жастардың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті ояту, елін, жерін бағалай білуге жетелеу. Қатысқан оқушыларға алғыс айтам
18 қазан күні лицей-мектеп кітапханасында 7 «В сынып оқушыларына қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған, жазушының шығармалары желісі бойынша түсірілген кинофестиваль өтті. Өмірі мен шығармашылығын таныстырып оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын дамыту, елжандылыққа тәрбиелеу мақсатында, «Шоқтығы биік дара тұлға» атты кітап көрмесі қойылып,«Балалық шаққа саяхат»атты әр фильмдерден үзінді көрсетілді. Оқушыларға әсіресе “Жекпе жек” шығармасы бойынша түсірілген”Чемпион” фильмі қатты ұнады.