Меню KDT

logo.png?_=1713942111

Павлодар қаласының Әлихан Бөкейхан атындағы лицей-мектебі
  • kz
  • ru
  • en
  • Мектептегі медициналық қызмет жұмысын ұйымдастыру

     Мектептегі мейірбике жұмысының мақсаты тұлғаның денсаулығын сақтауға, тәрбиелеу мен дамытуға ықпал етуші жайлы білім беру ортасын құру болып табылады.

     Міндеті – оқушылардың өмірі мен денсаулығына төнген қауіптің алдын алуға көмектесуші мінез-құлық түрлерін қалыптастыру.

     Мектепте жүргізілетін жұмыс көлемі келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады: 

    • оқу жылының басында мектептің санитариялық-жай-күйін тексерістен өткізу және мектептің оқушыларды қабылдауға дайын екендігін анықтау;
    • медкабинетті дайындау, оны қажетті құрал-саймандармен қамтамасыз ету;
    • қажетті медициналық құжаттаманы дайындау;
    • тамақтану бойынша құжаттаманы жүргізу;
    • білім алушыларға медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар, бұйрықтар, нұсқаулықтар дестесін дайындау немесе толықтыру;
    • санитариялық-ағартушылық жұмыс бойынша нұсқамалы-әдістемелік материалдар салынған дестені дайындау: білім алушылардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша диктанттардың, дәрістер мен әңгімелесулердің үлгі тесттері; ғылыми-көпшілік және медициналық фильмдер тізімі;
    • білім алушылардың денсаулығын сақтаудың әртүрлі мәселелері бойынша баспа материалдарының жинақтары, парақшалар, жаднамалар, жүгінулер, буклеттер;
    • көрнекілік материалдарының жинақтары, көрмелер, плакаттар, санбюллетеньдер;
    • бір жылға арналған жұмыс жоспарын құрастыру, оны емхананың бас дәрігерінде бекіту және мектеп директорымен келісу.




    Мектеп медбикесі туралы мәлімет

    Аты-жөніДжармухамбетова Жанар Мелисовна

    Мамандығы: медбике

    Білімі: орта

    Жалпы жұмыс өтілі: 42 жыл

    Осы мекемедегі жұмыс өтілі: 2 жыл

    Санаты: жоғары

    Жүктемесі: 1

     

    Медициналық кабинеттің жұмыс кестесі

     

    Дүйсенбі-жұма

    сағ.08:00-18:00

    Түскі үзіліс:

    сағ.13:00-14:00

     

    Медициналық кабинет бірінші қабатта орналасқан. Кабинетте күн сайын тазалық жұмыстары жүргізіліп отырады.


     

    Тізім бос

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Полезные ссылки