Меню KDT

logo.png?_=1713942111

Павлодар қаласының Әлихан Бөкейхан атындағы лицей-мектебі
  • kz
  • ru
  • en
  • Все новости

    "Ертіс" арансы

    Мектебіміздің көркем еңбек пәнінің мұғалімі, облыстық конкурстардың жеңімпазы Нурлыбек Оразбекович Акмаганбетов пен облыстық қолөнер байқауының жеңімпаздары 6-сынып оқушылары Мұрат Ерасыл, Ускенбаев Шыңғыс облыстық «Ертіс» телеарнасының таңғы бағдарламасында қонақта болды. Әңгіме String art сәндік өнері туралы өрбіді. Нурлыбек Оразбекович бұл өнермен айналысатын облыс бойынша жалғыз шебер екенін баса айтқымыз келеді.

    «String art» – бұл сәндік кескіндеме жасау үшін жіп пен шегелерді қолданатын өнер. «Стринг өнері» термині «сызық өнері» деп аударылады. Осындай суретті жасау үшін, тақтайша, жіп, балға және нобай қажет болады. Жұмыста бір түсті жіптерді монохромды бейнелерді алу үшін пайдаланылуы мүмкін, ал жарқын композицияларды алу үшін түрлі-түсті жіптерді қолдануға болады. Шегемен жасалған ұлы тұлғалардың бейнесінің жасалуына келер болсам, алдымен ағаш тақтайшаның бетіне әдемілеп адамның сұлбасын бейнелейміз. Содан кейін суреттің үстінен бойлай шеге қағып шығып, жіпті іліп отырып суретті одан әрі айшықтай түсеміз.
    14.03.2024
    0

    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Полезные ссылки