Меню KDT

logo.png?_=1713942111

Павлодар қаласының Әлихан Бөкейхан атындағы лицей-мектебі
  • kz
  • ru
  • en
  • Жусупова Ляйля Бажевна

    Павлодар  облысында 1973 жылы өмірге келген. 1994 жылы  «Бастауыш оқыту  методикасы мен педагогикасы»  мамандығы бойынша Павлодар  педагогикалық  институтын үздік дипломмен аяқтады. 
    2003 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің бітіріп,  
    педагогика ғылымдары магистрі дәрежесіне ие болды. 2005 жылы «Қазақ тілі және қазақ әдебиеті» мамандығы бойынша Павлодар университетін аяқтап шықты. 
    Өзінің еңбек жолдарын 1994-1996 жылдары Павлодар педагогикалық институтының бастауыш сынып әдістемелігі кафедрасының оқытушысы ретінде бастады.
    1996-1999 жылдары Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің бастауыш сынып педагогика және әдістемелігі кафедрасының оқытушысы мұғалімі болып жұмысын жалғастырды.
    1999-2003 жылдары Павлодар қаласы №22 жалпы орта білім беру мектебінің бастауыш сыныптарында қазақ тілі пәні мұғалімі болып жұмыс істеді.
    2003-2006 жылдары №19 жалпы орта білім беру мектебінде оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары және қазақ тілі пәні мұғалімі  болып тағайындалды.
    2006-2008 жылдары Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің қазақ тілі пәні әдіскері қызметін атқарды. 05.11.2008 жылдан  2015 жылға дейін Павлодар қаласы білім беру бөлімінің жалпы орта білім беру секторының бас маманы. 2015 жылдың қыркүйек айынан бастап, Павлодар қаласы № 37 жалпы орта білім беру мектебінің директоры лауазымы міндеттерін атқарды. 
    2022 жылдың 31 тамыз айынан Әлихан Бөкейхан атындағы лицей-мектебі басшысы болып тағайындалды. 
    Марапаттары:
    2013 ж. «Павлодар қаласы әкімінің Құрмет грамотасы», 
    2012 ж. «Павлодар қалалық мәслихатының Құрмет грамотасы»,
    2011 ж. «  Павлодар облысы білім беру басқармасының Құрмет грамотасы»,
    2018 ж. «БжҒМ-нің Алғыс хаты»,
    2018 ж. «Нұр Отан» партиясы Төрағасының  бірінші орынбасары М.Әшімбаевтың «Құрмет грамотасы»,
    2019 ж. «Қазақстандық білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподағының» «Құрмет грамотасы»,
    2019 ж. Павлодар облысы әкімі «Құрмет грамотасы»,
    2020 ж. «Павлодар облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгі

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Полезные ссылки