Меню KDT

logo.png?_=1713942113

Школа - лицей имени Әлихан Бөкейхан города Павлодара
  • kz
  • ru
  • en
  • Дарынды балалармен жұмыс істеу туралы ақпарат

     

    № 20 лицей – мектебінің білім берудегі мақсаттарының бірі – арнай курстарды дифференциялды оқыту арқылы оқушының болашақ мақсатына таңдаған мамандығы бойынша қажетті білім беру арқылы зияткер тұлға тәрбиелеу.

    Осы педұжымға сәйкес келесі міндеттер анықталады:

    - дарынды балалардың одан әрі әлеуетті қабілеттерін дамыту жетілдіру және оңтайлы жағдай жасау;

    - дарынды балалармен жұмыс педагог кадрлардың ғылыми - әдістемелік жұмысын қамтамасыз ету;

    - дарынды балалардың қабілеттерін дамытуға және анықтауға арналған іс-шаралар өткізу;

    -  оқушылардың эксперименттік-іздену жұмысын ұйымдастыру.

    Алдағы міндеттері шешу үшін № 20 лицей – мектебінің жұмыс бағыттары анықталды:

    теориялық семинарлар өткізу;

    Ғылыми - практикалық конференциялар ұйымдастыру;

    Дарынды балалармен  өткізілетін іс-шаралар:

    - пәндік олимпиадалар, жарыстар өткізу;

    -дарынды балаларға қалалық, облыстық және республикадлық деңгейде түрлі іс-шаралар қатысу үшін жағдайлар жасау;

    №20 лицей-мектебі Инновациялық Еуразия университетімен шығармашылық  байланыста жұмыс жасайды сондықтан лицейліктер тәрбиелік іс-шаралармен қатар пәндер бойынша кафедра сабақтары ұсынылды: биология, шет тілдер филологиясы, физика. ИнЕУ профессорлары мен мұғалімдерімен лицейліктер ғылыми жұмыстарға шығармашылық топта дайындалады жекелей сабақтар жүргізіледі.

    № 20 лицей-мектебінде ОҒҚ «Ритм» жұмысын ұйымдастырды. Оқушылармен жүргізілетін жұмыс жоспары сәйкес құрылды. №20 мектеп-лицейінің оқушылары әлеуетті қабілеттерін жүзеге асыру үшін ғылыми-зерттеу жобаларын дамытуға оқушылармен жеке жұмыс ұйымдастырылды.

    Көптеген жобалар гипотезасы  арнаулы курстар, қосымша курстарда кезінде дүниеге келеді. Лицей оқушылары арасында жүргізілген сауалнама -  оқушылар кафедра сабақтарына өз қалаулары бойынша барды  деген қорытындыға әкелді.

    Бұл сабақтар оларға өздерін әр қырынан ашылуларына және өзінің болашақ мамандығын таңдауға көмектеседі.

    Пәндер бойынша оқушыларды олимпиадаға дайындау үшін  оқушылардың тізімдері құрылып, кеңес беру кестесі ұйымдастырылды. Пән апталықтары кезінде оқушылар қашықтықтан өткізілетін олимпиадаға қатысу ұсынылады. Қалалық турға қатысу үшін мектепішілік кезеңінен орын алған  оқушы қатыса алады.

    КИО пәндік олимпиадаларына жыл сайын 50% астам лицейліктер қатысады. Ағымдағы оқу жылының қараша-желтоқсан айында, үш пән бойынша 20 оқушы жүлделі орын алды.

    Жасалған жұмысты талдау кезінде, дарынды оқушылармен жұмыс тиімділігіне әсер ететін бірқатар мәселелерді анықтады. Олар:

    - оқу үрдісінде оқушының жоғары жүктемесі;

    - ғылыми жобаға дайындық жүйелі жұмыстың болмауы;

        - өзін-өзі дамытуға оқушының мотивациясының төмен деңгейі.

     

    Анықталған мәселені шешу үшін:

    1. Олимпиадаға  дайындайтын оқушылар тізімін іріктеп,  анықау;
    2. ОҒҚ жұмысын жүйелі түрде  жүргізу;
    3. Өзін-өзі дамыту үшін оқушылардың ынталандыру деңгейін арттыру, түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану;
    4. КИО түрлі олимпиада жарыстарының жүлдегер жеңімпаздары арасынан, оқушылардың олимпиадалық  резерв командасын құру.
    5. Жазғы кезінде және оқу жыл бойы резерв олимпиада құрамындағы оқушыларға ЖОО-дары мұғалімдерінен кеңес алу  сабақтарын ұйымдастыру;
    6. Жазғы профильдік лагерь кезінде  ОҒҚ және ШОР жұмыстарын ұйымдастыру;
    7. Оқушылардың жаңа жиынтығын шақыру дарынды оқушылармен жазғы пәндік олимпиада өткізу

     

     

     

    «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру » мамандығы бойынша студенттердің Республикалық пәндік олимпиадасының II этапы болып өтті

    Осы жылы «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру» мамандығы бойынша олимпиадасы өтті.

    Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру » мамандығы бойынша студенттердің Республикалық пәндік олимпиадасының II этапы болып өтті

    ҚР БжҒ министрлігінің жетекшілігімен көптеген жылдар бойы ауқымды студенттік жоба - әртүрлі мамандықтар бойынша республикалық  студенттік олимпиадалар өткізу жүргізілуде. 

    Осы жылы «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру» мамандығы бойынша студенттердің Республикалық пәндік олимпиадасының II этапы Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да болып өтті.  

    Олимпиада да Республиканың 12 жоо-нан 35 студент қатысты:

    Олимпиада 4 пән бойынша өтті:   есептеу жүйелері мен желілерін ұйымдастыру, компьютерлік желілер, нысанды-бағдарланған бағдарламалау, интернет технологиялар.

     «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру» мамандығы бойынша Республикалық  пәндік олимпиаданың   II турының қорытындысы бойынша жүлделі орындар алды:

    • Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің I дәрежелі дипломы - Жакупов Кайрулла Кайруллаевич, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
    • Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің II дәрежелі дипломы - Киркица Александр Максимович, Алматы энергетика және байланыс университеті
    • Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің II дәрежелі дипломы - Жүсіп Нұрбек Алмасұлы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
    • Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің III дәрежелі дипломы - Степанов Вячеслав Сергеевич, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
    • Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің III дәрежелі дипломы - Касымбек Нурислам Муратбекулы, аль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
    • Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің III дәрежелі дипломы - Макушев Владислав Владимирович, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

    Жеңімпаздарды құттықтап алда табыстар тілейміз!

    14.02.2024
    0



    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Полезные ссылки