Дарынды балалармен жұмыс істеу туралы ақпарат
№ 20 лицей – мектебінің білім берудегі мақсаттарының бірі – арнай курстарды дифференциялды оқыту арқылы оқушының болашақ мақсатына таңдаған мамандығы бойынша қажетті білім беру арқылы зияткер тұлға тәрбиелеу.
Осы педұжымға сәйкес келесі міндеттер анықталады:
- дарынды балалардың одан әрі әлеуетті қабілеттерін дамыту жетілдіру және оңтайлы жағдай жасау;
- дарынды балалармен жұмыс педагог кадрлардың ғылыми - әдістемелік жұмысын қамтамасыз ету;
- дарынды балалардың қабілеттерін дамытуға және анықтауға арналған іс-шаралар өткізу;
- оқушылардың эксперименттік-іздену жұмысын ұйымдастыру.
Алдағы міндеттері шешу үшін № 20 лицей – мектебінің жұмыс бағыттары анықталды:
теориялық семинарлар өткізу;
Ғылыми - практикалық конференциялар ұйымдастыру;
Дарынды балалармен өткізілетін іс-шаралар:
- пәндік олимпиадалар, жарыстар өткізу;
-дарынды балаларға қалалық, облыстық және республикадлық деңгейде түрлі іс-шаралар қатысу үшін жағдайлар жасау;
№20 лицей-мектебі Инновациялық Еуразия университетімен шығармашылық байланыста жұмыс жасайды сондықтан лицейліктер тәрбиелік іс-шаралармен қатар пәндер бойынша кафедра сабақтары ұсынылды: биология, шет тілдер филологиясы, физика. ИнЕУ профессорлары мен мұғалімдерімен лицейліктер ғылыми жұмыстарға шығармашылық топта дайындалады жекелей сабақтар жүргізіледі.
№ 20 лицей-мектебінде ОҒҚ «Ритм» жұмысын ұйымдастырды. Оқушылармен жүргізілетін жұмыс жоспары сәйкес құрылды. №20 мектеп-лицейінің оқушылары әлеуетті қабілеттерін жүзеге асыру үшін ғылыми-зерттеу жобаларын дамытуға оқушылармен жеке жұмыс ұйымдастырылды.
Көптеген жобалар гипотезасы арнаулы курстар, қосымша курстарда кезінде дүниеге келеді. Лицей оқушылары арасында жүргізілген сауалнама - оқушылар кафедра сабақтарына өз қалаулары бойынша барды деген қорытындыға әкелді.
Бұл сабақтар оларға өздерін әр қырынан ашылуларына және өзінің болашақ мамандығын таңдауға көмектеседі.
Пәндер бойынша оқушыларды олимпиадаға дайындау үшін оқушылардың тізімдері құрылып, кеңес беру кестесі ұйымдастырылды. Пән апталықтары кезінде оқушылар қашықтықтан өткізілетін олимпиадаға қатысу ұсынылады. Қалалық турға қатысу үшін мектепішілік кезеңінен орын алған оқушы қатыса алады.
КИО пәндік олимпиадаларына жыл сайын 50% астам лицейліктер қатысады. Ағымдағы оқу жылының қараша-желтоқсан айында, үш пән бойынша 20 оқушы жүлделі орын алды.
Жасалған жұмысты талдау кезінде, дарынды оқушылармен жұмыс тиімділігіне әсер ететін бірқатар мәселелерді анықтады. Олар:
- оқу үрдісінде оқушының жоғары жүктемесі;
- ғылыми жобаға дайындық жүйелі жұмыстың болмауы;
- өзін-өзі дамытуға оқушының мотивациясының төмен деңгейі.
Анықталған мәселені шешу үшін:
Министрліктің білім және ғылым саласын бақылау комитетінің төрағасы Саят Нүсіповтың айтуынша, оқулықтар жүктелетін портал қыркүйектен бастап іске қосылады.
"Ресурс - дайын. Кез келген оқушы мен мұғалім порталға кіріп, қажетті оқулықты толық көре алады", - деді Нүсіпов Астанадағы брифингте.
Тамыздың ортасында білім министрі Аслан Сәрінжіпов 94,7% оқулық жеткізілгенін мәлімдеген. Министрлік 2016-2017 жыдары мектептердің барлығын 100 пайыз оқулықпен қамтуды жоспарлайды.