Министрліктің білім және ғылым саласын бақылау комитетінің төрағасы Саят Нүсіповтың айтуынша, оқулықтар жүктелетін портал қыркүйектен бастап іске қосылады.
"Ресурс - дайын. Кез келген оқушы мен мұғалім порталға кіріп, қажетті оқулықты толық көре алады", - деді Нүсіпов Астанадағы брифингте.
Тамыздың ортасында білім министрі Аслан Сәрінжіпов 94,7% оқулық жеткізілгенін мәлімдеген. Министрлік 2016-2017 жыдары мектептердің барлығын 100 пайыз оқулықпен қамтуды жоспарлайды.