Меню KDT

logo.png?_=1713942113

Школа - лицей имени Әлихан Бөкейхан города Павлодара
  • kz
  • ru
  • en
  • История
     

    Мектеп тарихы
    25.01.2018 жылы қаламыздағы Сарыарқа ықшамауданында жаңа мектептің құрылысы басталып, ғимарат 18.03.2022 күні пайдалануға берілді. Осы уақыттан бастап мектепке балаларды қабылдау жарияланды.
    2022 жылдың 1 қыркүйегінде мектеп Сарыарқа ықшамауданының тұрғындарының балалары мен №20 лицей-мектебінің қазақ сыныптарының оқушыларына мектеп салтанатты түрде ашылды.
    02.09.2022 ж. ««Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-мен меморандумға қол қойылды.
    2022 жылдың 20 қазанында мектепке Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 685 қаулысы негізінде көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым, ұлт азаттық қозғалысының көсемі, қазақтың тұңғыш саяси партиясын ұйымдастырушы және Алашорда үкіметінің төрағасы Әлихан Бөкейхан есімі берілді.
    22.10.2022 ж азат еліміздің ұлттық мерекесі Республика күні қарсаңына лицей-мектебіміздің ауласында Әлихан Бөкейхан мүсінінің салтанатты ашылу рәсімі өткізілді.
    02.01.2023 ж. “СЕНІМЕН БОЛАШАҚ” республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігімен екі жақты меморандумға қол қойылды.
    02.02.2023 ж. Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар университетімен ынтымақтастық меморандумға қол қойылды.
    16.03.2023 ж. Әлихан Бөкейханның туған күніне арналған волейболдан қыздар арасында қалалық турнир өткізіліп, мектебіміздің атынан шыққан команда жеңімпаз атанды.
    19.09.2023 ж. «ҚР Ұлттық ұланы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 5512 әскери бөлімі» РММ-мен ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.
    29.09.2023 ж. “Зерде” республикалық зерттеу жобалары конкурсының қалалық кезеңінің қорытындысы бойынша, мектебіміздің атын қорғаған 29 оқушының 26-сы жетістікке жетті. Мектеп “Ең үздік қалалық команда” атына ие болып, І дәрежелі “Ең үздік қалалық команда” дипломымен марапатталды.
    22.12.2023 ж. жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде көрсеткен үздік нәтижелері үшін біздің мектеп “Үздік қалалық олимпиадалық команда-2023” номинациясында жүлделі 2-орынды иеленді.
    30.01.2024 ж. Достық үйінің мәжіліс залында біздің мектеп пен Павлодар облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесімен ынтымақтастық туралы 3 жылдық мерзіммен меморандумға қол қойылды.

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Полезные ссылки